18 ЖАСАР ЖІГІТТІҢ АҒЗАСЫ ТӨРТ НАУҚАСҚА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында клиникалық аурухананың дәрігерлері жол апатына түсіп қайтыс болған
18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.

Дәрігерлердің айтуынша, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келген. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек және өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынатын болады.
Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген. Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаевтың айтуынша, бұл – өңірдегі тарихи оқиға.

«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтуде. Бір бүйрек облыстық клиникалық аруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жолданады. Бауыры Алматыға, бүйрек пен өкпесі Астана қаласына жіберіледі» – дейді ол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *