6500 ЖҰМЫСШЫ ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

Ағымдағы жылдың 8 шілдесі күні Оңтүстік Кореядағы Samsung Electronics-тің 6500-ге тарта жұмысшысы ереуілге шықты. Бұл олардың жаз айларындағы екінші ереуілі.

Жұмысшылардың наразылығы бірнеше күнге созылуы мүмкін және олар жұмыс берушіге жалақыны арттыру, еңбек демалысына бір күн қосып беру, сыйақыны төлеу жүйесін қайта қарау талаптарын қоюда.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *