1000 МЕКТЕП ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

2025 жылға дейін еліміздегі шағын қалалар мен ауылдарда тағы 1000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Атап айтар болсақ, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын жаңарту, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңғырту, сондай-ақ мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтиды.
2024-2025 оқу жылы 712 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 532 мектепке 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады. Сондай-ақ 574 мектепте жиһаз жаңартылады, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады. Нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсартылады деп болжануда.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *