Дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы өтетін жазғы ойындарға қатыспайды.
«Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында тастадым.
60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жолдамасы 66 келіде қолға түсті, – деді Ғұсман Қырғызбаев.
Айта кетейік, XXXIII жазғы олимпия ойындарында дзюдошылар ел қоржынына екі медаль салды. 60 келіде Елдос Сметов чемпион атанса, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде жеңіп алды.