ЖАРТЫ ЖЫЛДА 44,7 МЛРД ТОННА МҰНАЙ ӨНДІРІЛГЕН

Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Одан бөлек 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткен.

Ведомство басшысы Президентке тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет беріп, жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы да баяндаған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырған.

Ақпарат көзі: Akorda.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *