“Үлкен шлемнің” 24 дүркін жеңімпазы серб теннисшісі Новак Джокович Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын медальға ие болды. Ол финалдық ойында испандық Карлос Алькарастан екі бірдей тай-брейкте басым түсті. Айта кету керек, бұл
Новак Джоковичтің қатысып отырған бесінші олимпиадасы және бірінші алтыны. 2008 жылы ол Пекин олимпиадасында қола медальға ие болған.