Түркістан облысында «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытында темір жол желісі салынуда. Оның құрлысы өткен жылы қараша айында басталған. Жалпы ұзындығы 152 шақырымды құрайды. Жобада қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті де қарастырылған. Бұл теміржол торабы іске қосылса жүк ағыны 20-25 млн тоннаға дейін артуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, жоба Түркістан облысын республиканың магистральдық теміржол желісіне қосу арқылы оның дамуына үлес қоспақ. Сондай-ақ, Сарыағаш стансасындағы кептелістерді азайтып, Өзбекстанға экспорттық жүк тасымалдауды арттыратын болады.
kazinform24.kz