Депутат автобанның жағдайына алаңдаушылық білдірді

Биылғы жылдың 8 айында Түркістан облысындағы автобанда жол-көлік оқиғасынан 21 адам көз жұмған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында атап өтті.

– Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуімде “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” ақылы жолындағы жағдайлар жүргізушілер мен жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып отырғанына куә болдым. Себебі, жол апаты көбейіп, салдарынан қайтыс болушылардың қатары артқан. Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың 8 айында Түркістан облысындағы автобанда 64 рет жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 89 адам түрлі дене жарақатын алса, 21 адамның өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.

Сондай-ақ халық қалаулысы жолдардың сапасының сын көтермейтінін, әсіресе Шымкент пен Түркістан арасындағы жолдың тозғанын, жол бойындағы сервистің ақсап тұрғанын айтты. Сонымен қатар, ақылы жолдың бағасының өте қымбат екенін жеткізіп, бірқатар шараларды қолға алуды ұсынды.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *