ЕКЕУІ БЕСІК ҚҰДА ЕКЕН

Францияның астанасы Парижде өтіп жатқан XXXIII жазғы олипиада ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алған
Ғұсман Қырғызбаев олимпиада чемпионы
Елдос Сметов екеуі бір-біріне бесік құда екен.

«Елдос екеуміз бір-бірімізге құдамыз. Бір күні Елдос әйел баласымен үйіме қыдырып келді. Әңгіме арасында Елдос маған «екеуміз қаншама уақыттан бері бірге күресіп, бірге келе жатырмыз. Қайда барсақ та бірге барамыз. Оқу-жаттығу жиындарына да, жарыстарға да бірге аттанамыз. Арамыздан қыл өтпестей доспыз. Бірдеме айтсам ренжіп қалмайсың ба» деді. Көңілімде ештеңе жоқ, берден «айта бер, ренжімеймін» дедім. «Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын. Сенде қыз бар, менде ұл бар. Сенің қызыңа ұлымды қазақы дәстүрмен атастырғым келіп отыр. Бүгінгі достар болашақта құда-құдағи болайық» деді. Ауызым ашылып, көзім бақырайып тұрып қалдым. Ол маған «сол күнге жеткізсін демейсің ба? Мен сырғамды алып келдім» деп қызыма сырға тақты. Қазір екеуміз көрісе қалсақ «құдеке» деп сөйлесеміз», — деді Ғұсман Қырғызбаев.

Ақпарат көзі: smartnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *