ЕКІ ЕЛДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барды. Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Екі күндік сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтті. Сондай-ақ мемлекеттер арасында 16 келісімге қол қойылды.

Іскерлік және ресми кездесулерден бөлек, Мемлекет басшысы ауқымды мәдени бағдарламаға қатысты.

Ақпарат: Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-саттығы да, өзге салалардағы байланысы жыл санап артып келеді. Қазақстанның Тәжікстан үшін рөлі өте үлкен. Жетекші серіктесі әрі ортақ сыртқы сауда құрылымында екінші орында тұр. Қазақстан Тәжікстанға тікелей қаржы құйып, 80-нен астам кәсіпорын ашқан.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *