ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер – дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жаттықтырушыларымен бірге қабылдап, өзінің және алматылықтардың атынан жетістіктерімен құттықтады.

Ерболат Асқарбекұлы Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Одан бөлек, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар мен «Astana Motors» және «Orbis Auto» компанияларының демеушілігімен жаңа автокөліктердің кілті табысталды.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *