ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЙЫЗ ЖОЛҒА ШЫҚПАҚ

Осы жылдың 24 қыркүйегінде “Узбекистон темир йулари” ұлттық компаниясы “Ташкент-Мәскеу-Ташкент” бағытында халықаралық пойызды жолға шығармақ. Бұл туралы Vaib.uz порталы хабарлады. Билеттердің құны да нақтыланыпты. Мамандардың айтуынша, пойызда жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Яғни, ыңғайлы орындар, сапалы қызмет пен жоғары деңгейдегі қауіпсіздік қарастырылған.

Пойыздардың жүру күндері: Ташкент – Мәскеу – 24 қыркүйек, 2 қазан, 10 қазан, 26 қазан, 2 қараша, 18 қараша, 26 қараша, 4 желтоқсан, 12 желтоқсан. Мәскеу – Ташкент – 28 қыркүйек, 6 қазан, 14 қазан, 30 қазан, 6 қараша, 22 қараша, 30 қараша, 8 желтоқсан.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *