Халықаралық туризмнен 2023 жылы 1,5 трлн доллар түскен

2024 жылдың бірінші тоқсанында халықаралық туризм 2019 жылғы деңгейдің 97%-ына жеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымының деректерінде осылай делінген. Мысалы, Шығыста саяхатшылар саны айтарлықтай өссе, ал Африка мен Еуропада пандемияға дейінгі деңгейден асып түскен.

«2024 жылдың алғашқы үш айында шамамен 285 млн турист халықаралық саяхат жасады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 20%-ға көп. Бұл нәтижелерге тұрақты сұраныстың, азиялық нарықтардың ашылуының, сондай-ақ әуе қатынасының артуы мен визаны жеңілдетудің арқасында қол жеткізілді», – деп жазылған хабарламада.

Жалпы, халықаралық туризмнен 2023 жылы 1,5 трлн доллар түскен.

Ұйымның мәліметінше, халықаралық туризмнен Еуропа елдері көп табыс тапқан. Көрсеткіш 660 млрд долларды құрады. Таяу Шығыстағы кірістер 33%-ға өскен.

2023 жылы туризм бойынша ЖІӨ 3,3 трлн долларды немесе әлемдік ЖІӨ-нің 3% құрайды деп көрсетілген.

2024 жылдың бірінші тоқсанында бірнеше ел халықаралық туризмнен түскен табыс бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Оның ішінде Сербия (+ 127%), Түркия (+ 82%), Пәкістан (+ 72%), Танзания (+ 62%), Португалия (+ 61%), Румыния (+ 57%), Жапония (+ 53%) бар. Сонымен қатар Моңғолия (+ 50%), Маврикий (+ 46%) және Марокконы (+ 44%) ерекше атап өтуге болады.

Еске сала кетсек, қазақстандықтардың шетелге саяхаттау шығындары бір жылда 45% өскен. Қазақстандықтар 2023 жылы шетелге саяхаттауға 326 млрд теңге жұмсаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 45% артық.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *