МАРАТОРИЙДІ ПАЙДАЛАНЫП ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРҒАН

Қонаев қаласында өткен тамыз кеңесіне қатысқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, өңірдегі кейбір жекеменшік балабақшалардың кәсіпкерлік субъектілерге салынған мараторийді пайдаланып, мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінген қаржыны жымқырғанын айтқан.

Өңірде бір айдың ішінде 29 жекеменшік балабақша жабылып, мемлекетке 729 млн теңге шығын келтіргені үшін тағы бірнеше құрылтайшының үстінен іс қозғалуда екен.

Білім берудегі жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында Алматы облысында меншік түріне қарамастан барлық балабақшаларға «биометрия» автоматтандырылған жүйесінің енгізіліп жатыр екен. Яғни, әр баланың балабақшаға келуі жеке-жеке QRкод арқылы табельге енгізіліп, тиісті есебі жүргізіліп отырады.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *