Миокард инфаркті қалай және қашан басталады

Жүрек – бұлшықет органы және оның негізгі қызметі бүкіл денеге қанды “айдау”. Жүрек бұлшықеті (миокард) үнемі өте ауыр жүктемеге ұшырайды. Себебі орта есеппен, адам демалып жатқан сәттің өзінде жүрек минутына бес литр қан “айдайды”, ал қарқынды жүктеме кезінде бұл 15 литр немесе одан да көп мөлшерге жетеді. Бұл жұмысты тиімді орындау үшін миокард қоректік заттармен және оттегімен өте жақсы қамтамасыз етілуі керек.

Жүректі қанмен қамтамасыз ететін (коронарлық артериялар) тамырлардың қабырғасында ішінен уақыт өте келе холестерині бар қалың түзілістер пайда болады, олар атеросклеротикалық түйіншектер деп аталады. Түйіншектер бірте-бірте өсіп, артерия саңылауының тарылуын (стеноз) тудырады. Соның салдарынан жүрекке қан ағымы заңды түрде төмендейді. Бұл процесс атеросклероз деп аталады.

Қазіргі уақытта атеросклероздың екі негізгі себебі бар: холестерин алмасуының бұзылуы және осы холестерин сақталатын тамырдың ішкі қабатының зақымдалуы.

Көбінесе бұл бірте-бірте қалыптасатын процесс: жүрек бұлшықеті бұл күйге ұзақ уақыт бойы бейімделеді де, адам өз тамырларында не болып жатқанын білмей, көпке дейін өзін қалыпты сезінеді. Бірақ ауру асқынып келе жатқанда, адам дерттің алғашқы белгілерін сезінеді. Бұл кеудеде жиі шоғырланатын түю түріндегі ауырсынулар, жаншып-қысып ауыруы ауа жетіспеушілігі сезімімен бірге жүруі мүмкін және әдетте физикалық және эмоционалды жүктемелер кезінде пайда болады.

Бұл тамырлардың тарылуы аймағындағы жүрек бұлшықетінің (миокард) қанмен қамтамасыз етілмеуі (ишемиясы) туралы сигнал болады. Бұл жүректің ишемиялық ауруы болып саналады.

Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен жүрек ұстамасы ретінде сезілуі мүмкін. Ол ұйысқан қан – тромб түзілуіне негізделеді. Тромб атеросклеротикалық түйіншектің зақымдану орнында пайда болады және оған тамыр арқылы жүріп жатқан қанның тромбоциттері “жабыса” бастайды. Тромба тамырды бітейді. Бұл жағдайда жүректің тиісті бөлігіне қан ағымы кенеттен тоқтайды. Жүрек бұлшықетінің бір бөлігін қанмен қамтамасыз ету жеткілікті ұзақ уақыт тоқтатылған жағдайда, ол бұлшықет өледі. Бұл процесс инфаркт деп аталады.

Ақпарат көзі: Sputnik Қазақстан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *