ӨЗІ ӨЛІП, ИТІ ҚАЛДЫ…

Тамыз айының 18-і күні есімі әлемге танымал француз актері Ален Делон 88 жасында өмірден озды. Ол Парижден 120 километр қашықтағы Души деп аталатын елді мекендегі үйінде үш баласы мен отбасының ортасында тыныш қана көз жұмған. Ол туралы ақпарат агенттіктері жарыса хабарлады.

Ален Делон қайтыс болғанда жанында отбасы мүшелерімен қатар 10 жасар Лубо атты иті де болған. Актер өзі өмірден өткен жағдайда сүйікті итін де ұйықтатып, туыстарынан жанына жерлеуді сұрапты.

Алайда, актердың туыстары иттің қараусыз қалмайтынын айтып, өтінішін орындаудан бас тартыпты.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *