ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА 50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентіндегі әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бюджет есебінен сатып алынған 50 пәтердің кілтін табыстады.

Аумағы 70-80 шаршы метрлік, үш бөлмелі пәтерлерді сатып алуға бюджеттен 1463,9 млн теңге қаржы бөлінген.

Жалпы, Қызылорда облысында соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген. Биыл тұрғын үй құрылысына және дайын пәтерлер сатып алуға 34,1 млрд теңге бөлінген. Бұл арқылы 2,5 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік жасалмақ. Жыл басынан бері 600-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады.

Айта кетейік, пәтер кілтін алғандар арасында көп балалы, толық емес отбасылар, жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Ауған соғысының ардагері, І-ІІ топ мүгедегі және өзге де әлеуметтік топ өкілдері бар.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *