ҚАРНАҚТА 300 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНБАҚ

Түркістан облысындағы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Қазіргі таңда іргетасы қалануда.

Қарнақтықтардың көп күткен мәдениет нысаны екі қабаттан тұрады. Ішінде 300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға лайықталған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері орналасады.
Мердігер нысанды 2025 жылы аяқтап, ел игілігіне табыстауды жоспарлап отыр.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *