Қазақстан қоржынында 114 медаль

Елімізде өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан 114 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Оның ішінде, 44 алтын, 33 күміс және 37 қола – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 21 спорт түрінен 216 спортшы бақ сынады.

Соңғы жарыс күні ұлттық құрама қоржыны 25 медальмен толықты. Оның ішінде, 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *