ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері негізінде облыс әкімінің өкімімен Қызылорда қаласының әкімі болып Ахатов Нұржан Сәбитұлы тағайындалды.

Нұржан Ахатов 1978 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Бұған дейін Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *