ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕР АНЫҚТАЛҒАН

Қызылорда облысының прокуратурасы өңірдегі бірқатар мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендерді анықтаған.
Тексеру барысында Қазалыда 3 мектепте – 4, Байқоңырдағы 2 мектепте – 3, Қармақшыда 1 мектепте – 2 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болған.

Сондай-ақ Сырдария ауданының балабақшаларында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау дерегі тіркелген. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы мектептерде 50-ден астам мұғалім заңсыз конкурссыз жұмысқа қабылданған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы құзыреттілігі жоқ болса да мамандарды тікелей мектепке мұғалім ретінде тағайындаған.
Тексеру нәтижесінде 56 қадағалау акті енгізіліп, 1100 (353 тәртіптік, 747 әкімшілік) адам түрлі жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылған.

kazinform24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *